Отбасы күніне орай эстафеталық сайыс өтті
Отбасы күніне орай Бейнеу ауданындағы Отбасын қолдау орталығы аз қамтылған, көпбалалы және ерекше баласы бар отбасылар арасында эстафеталық сайыс ұйымдастырды. Шараға онға жуық отбасы қатысты. Ата-аналар мен балалар спорттық ойындарда бақ сынап, ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетті.