Солтүстікке көшуге шақырды
Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен Солтүстік Қазақстан облысы мен Қызылжар, Мамлют аудандарының еңбек мобильдігі орталығының басшылары кездесті. Олардың мақсаты - жұмыссыз азаматтарды солтүстік өңірлерге отбасымен көшуге шақыру. Солтүстіктен келген делегация қоныс аударғаннан кейін берілетін көмектер туралы айтып, бұған дейін көшіп барғандардың тыныс-тіршілігімен таныстырды.