Жүйрік жырауды жұрты еске алды
Қызылсай ауылында жыраулық өнердің көрнекті өкілі Сүгір Бегендікұлының шығармашылық мұрасын ұлықтаған конференция өтті. Жиында жыраудың ел жадында қалған туындылары мен өмір жолы сөз болып, өнерпаздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы кеңінен насихатталды. Басқосуда Сүгір жыраудың шығармаларының тәрбиелік мәні мен тарихи маңызына қатысты тың деректер айтылды.