Маңғыстауда БАҚ ардагерлерінің ұйымы құрылды
Маңғыстауда бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар еңбек еткен журналистер мен баспа саласының мамандарын біріктірген жаңа қоғамдық ұйым жұмысын бастады. Ұйым құрамына баспасөзде, радио мен телеарналарда еңбек еткен 26 журналист-ардагер мүше болып отыр. Олардың барлығы әр жылдары өңірдің ақпараттық кеңістігін дамытуға елеулі үлес қосқан. Жаңадан құрылған ұйым мүшелерімен Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының Маңғыстау облыстық филиалдарының өкілдері кездесті.