Әскерилер арасында судағы экстремалды жарыс өтті
Ақтау гарнизонының арнайы бөлімшелері арасында Каспий теңізінің акваториясында Aktau Water Challenge-2026 әскери-қолданбалы жарысы өтті. Сайысты Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері ұйымдастырды. Жарысқа Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және ҰҚК Шекара қызметінің құрамынан сегіз команда қатысып, жүзден астам әскери қызметші өзара бақ сынады. Он кезеңнен тұратын жарыс арнайы бөлімшелердің су үстіндегі іс-қимылына барынша жақындатылған жағдайда ұйымдастырылды.