Негізгі Жаңалықтар Жергілікті дихандар жәрмеңкесі

Жергілікті дихандар жәрмеңкесі

Жергілікті дихандар жәрмеңкесі

Жергілікті шаруаларды қолдап, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтуға бағытталған жәрмеңке бұл жолы да өз жалғасын тапты. Бірнеше апта бұрын «Маңғыстау» арнасының ұйымдастыруымен «Өз диқаныңды қолда» акциясы басталған болатын. Ауыл-аймақтан келген шаруалар өз өнімдерін ақтаулықтарға бүгін де делдалсыз, нарықтағыдан төмен бағамен ұсынды. Қуантатыны - апта сайын ұйымдастырылатын тележәрмеңкеге қатысушы диқандардың қатары да біртіндеп көбейіп келеді. Бүгінгі жәрмеңкеде тұтынушылар да, өнімін ұсынған шаруалар да көп болды.


Бөлісу