Ақтауда оториноларингологтардың халықаралық форумы өтті. Онда 11 шет елден келген мамандар мен отандық дәрігерлер бас қосты. Шарада оториноларингология саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Науқастарға диагностика жасау, емдеу және ЛОР патологиясындағы жаңашылдықтар да сөз болды