Жаңаөзен қаласында ауыл әкімдерінің есеп беру жиыны жалғасуда. Бұл жолы Рахат және Кендірлі ауылдарының әкімдері халық алдында сегіз ай бойы жасаған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Есеп беру жиыны Кендірлі мәдениет үйінде өтті. Бұған қала әкімі Айбек Қосуақов және әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.