Ақтаудағы Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда Хатимолла Бердіғалиевтің 70 жылдығы аясында «Шырқал ән, төгіл дауыс» атты республикалық шығармашылық турне өтті. Бұған дейін еліміздің 10 облысында өткен мәдени шараны маңғыстаулықтар зор ықыласпен қарсы алып, Ақжайықтан келген әншілердің өнерін тапжылмай тыңдады.