Аналар форумы өтті
Бейнеу ауданының Сарға ауылында ұлттық құндылықтар ұлықталған аналар форумы өтті. «Дәстүрден тағылым, ұрпаққа - аманат» атты басқосуда ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді жаңғырту, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру мәселелері сөз болды. Форум аясында тағылымды баяндамалар тыңдалып, ұлттық қолөнер көрмесі мен шеберлік сағаты өтті.