Диқандардың ұсыныстары тыңдалды
«Қызылқұм» егістік алқабында егін шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Көшпелі жиынға шаруалар қатысып, саладағы өзекті мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, диқандар су тапшылығы, электр энергиясының қымбаттығы, тыңайтқышқа берілетін субсидия және өндірілген өнімді өткізу мәселелерін ортаға салды.