Ақтауда Қазақстан Ұлттық арнасының тапсырысымен «Сезім толқыны» атты телехикая түсірілуде. Шынайы махаббат пен отбасылық құндылықтар дәріптелетін жоба үшін, шаһардың көрікті жерлері мен қарт Каспийдің жағасы әдейі таңдалған. Жоба жетекшілері осылайша, өңірдің туристік әлеуетін дамытуға да үлес қосуды көздейді