Өңірде 600-ге жуық білім беру ұйымы бар. Онда 22 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Бүгінде ұстаздар саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етіп келеді. Солардың бірі - Айымгүл Жарылғасова. Ол студенттерге аспаз мамандығы бойынша кондитерлік өнімдер дайындауды меңгертіп жүр.