Кешкісін жұмыс жасап жатқан бригаданы елең еткізген осындай дыбыс болды. Жалт бұрылған жұмысшылар алдымен абыдрап қалды,іле-шала тор үстіндегі бақырып жылаған даусын естіп,жүгіре жөнеледі. 

Дүйсен Аққалиев - куәгер

сосын көріп,бәріміз сразу жүгіріп, жұмыстастарымыз бар,бәріміз. Лестница алып келіп,ұсатап, шығып,балын жәймен ұстап түсіріп,103-ке звондап уже адамдар бәрі жиналып жатты. Белігілі болды,сол 7-этаждан құлағаны, Терезе ашық тұрды.   

Сөйтіп,бала  ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі. Сол аяғы сынып ,миы зақымдалған. Ауыр жарақаттар болған соң,жан сақтау бөліміне жатқызылып,сол бойда аяғына  жабық репозиция да жасалған. Бүлдіршін бүгін ғана есін жиыпты. 

Құрман Қайранов - балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі

Бала есінде болған жоқ. Травмотологиялық шок алған,екінші дәрежелі. Жетінші қабттан құлап аман алып жатқандар менің практикамда болған жоқ. Ми зақымданған. Бірақ қазір жақсы,адам танып жатыр. Ертең уақытылы емін алып,дәрілерін ішсе,салдар жақсы болады деген ойдамыз.

Оқыс оқиға 17 шағынаудандағы "грин парк" тұрғын-үй кешенінде болды. Зәулім үй тек әдемі ғана емес,қауіпсіз де екен. Өйткені,12 қабатты үйдің бірінші және екінші қабаттары арасында темір құрсау орнатылған.

Жұмазия Оразай - тілші

7 қабаттан құлаған бала жерге түспей,осы темір торға құлап түскен. Әу баста бірақ бұл металл торлар мұндай мақсатқа құрылмаған.

Темір тор жоғарыдан құлауы мүмкін заттарға тосқауыл болуы тиіс. Алайда,зат емес,бала ұшып түседі деп ешкім де ойламаған болар. Осымен кішкентай балалардың жоғарғы қабаттардан  құлауы үшінші рет тіркеліп отыр. Өткен жылы да екі оқиға болған.  Сондықтан,мамандар,бақытсыз жағдайғамдушар болмау үшін  терезеге пинкид лукк  құлыбын орнатып қоюға кеңес береді.