«Суды үнемде - болашақты сақта!» тақырыбында республикалық эко-сағат өтті. Мақсат- Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, су ресурстарын тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған экологиялық саясаттың басым бағыттарына сәйкес ұйымдастырылды.