Онды бағы жыл сайын тал-терекпен толығып келеді. Қазір жасыл алқапта 6 мыңдай ағаш өсіп тұр. Дені жеміс ағашы. Бар болғаны екі жылдың ішінде бұл аумақ қарапайым бастамадан болашағы зор аграрлық әрі демалыс аймағына айналудың алдында тұр. Өйткені, бақ жетекшісі шырын өндіретін, бұлақ суын шығаратын цех ашуды жоспарлап отыр.