Елімізде кедейлік деңгейі бойынша өңірлер арасында Маңғыстау облысы екінші орында тұр. Былтырғы жылдың қорытындысымен жан басына шаққандағы орташа күнкөріс деңгейі 57 мың теңгені құраған. Ел экономикасына сүбелі үлес қосып отырған мұнайлы мекеннің өмір сүру көрсеткіші неліктен бұлай болды?