Елордалық дәрігерлер көмек көрсетуде
Қыркүйектің 28- 29-ы күндері Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері өтуде. Шара аясында елордадан келген білікті дәрігерлер науқастарға консультация беріп, күрделі оталар жасап, шеберлік сабақтарын өткізуде. Ақхалаттылар Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында науқастарға көмек көрсетті.