126 ұсақ мал қырылды
Бейнеу ауданында 10-ға жуық отбасының 126 бас ұсақ малы бір түннің ішінде қырылды. Нақтылап айтқанда 86 қой 40 ешкі. Тұрғындардың айтуынша, мал жаңбырдан кейін ойпаң жерге жиналған табиғи судан ішкен. Мал иелері өлім-жітімге далада жиналған табиғи судың себеп болуы мүмкін екенін айтып отыр. Себебі бақташының сөзінше, бұл жердегі судан мал алғаш рет суарылған. Бұған дейін басқа аумақта суарылып келген. Қазір мамандар зертханалық сараптама жүргізуде.