Қарттарға - құрмет, үлкенге - ізет
Қарттар күніне орай Ақтау қаласындағы Ардагерлер үйінде мерекелік шара өтті. Бәйтерек бастауыш партия ұйымы мен жеке кәсіпкердің ұйымдастыруымен өткен кездесуге 35 бала қатысты. 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер қарияларға өз өнерлерін тарту етті. Балалар ән айтып, би билеп, онға жуық өнер көрсетті. Кішкентай өнерпаздардың өнері ардагерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер балаларға кішкентай кезінен үлкенді құрметтеуді үйретіп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.