Тұрғындар мамандардан кеңес алды
Бүгін ақтаулықтар үшін қалалық емханада ашық есік күні ұйымдастырылды. Тұрғындар бірнеше маманның қабылдауында болып, сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша да мамандар кеңес берді.