Мал жаппай қырылды
Бейнеуде 120-дан астам қой мен ешкі бір кеште қынадай қырылып қалды. Ветеринар мамандар шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Алдын ала болжам бойынша, малдың қырылуына улану себеп болуы мүмкін. Нақты қорытынды зертханалық сараптамадан кейін белгілі болады.