Шығын өте көп
Бейнеуде уақ жандық қырылып қалды. Шығын өте көп. Мал иелері айтуынша, жаңбырдың жиналған суын ішкен 210 қойдың 126-сы уланып қалған деген болжам бар. Қазір ауылдағы мал дәрігері уақ жандықтың неден қырылғанын анықтау мақсатында сынама алып, зертханаға жіберді.