Баянды ауылының тұрғындары сайлауға қазақтың ұлттық киімдерімен келді. Ер азаматтар иығына оюлы шапандарын жапса, қыз-келіншектер қажекей, қамзолын киіп, саяси шараның сәнін келтірді.  Осылайша, жақында ғана арақ сатудан бас тартқан ауыл сайлау күні де өз ұстанымымен ерекшеленді.