Жетібай кен орнында "МаңғыстауМұнайГаз" акционерлік қоғамының үйымдастыруымен Әз-Наурыз мерекесі тойланды. Мұнайшыларға арнап ақшаңқаң үй тігіліп, қазан асылды. Бірлесіп, бірлік пен берекенің мерекесін атап өтті. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, өнерпаздар әсем әннен шашу шашты.