Наурыз мейрамы қызу еңбек қарқыны қалыптасқан Қаламқаста сән-салтанатымен тойланды.  Орталық алаңда жағалай тігілген киіз үйлер, әдемі безендірілген сахна, ошаққа асылған қазан, кең жайылған дастархан мерекені айшықтап тұр. Өнерпаздардың өнерін тамашалап, спорттық шараларға қатысқан Қаламқас мұнайшылары жаңа жыл басын мерекелік көңіл- күймен қарсы алды.