Маңғыстаулық 350-ден астам оқушы "IQanat" олимпиадасында бақ сынады. Әлеуметтік жоба жыл сайын ауыл мектептерінің оқушыларына қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Республикалық дода білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Биыл олимпиада офлайн форматта өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен тек 8-сынып оқушылары қатысты.