Биыл алимент төлеуден жалтарып жүрген 20-дан астам борышкерге қылмыстық іс қозғалды. Оның 5-не сот үкімі шықты. Сонымен қатар, қасақана алимент төлемей жүрген 39 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы өңірімізде 11 мыңнан астам әкенің баласының алдында қарызы бар. Оның 97%-ы ай сайын өз еркімен төлеп жүр. Ал, 150-ден астам азамат алимент төлеуден жалтарып жүр.