129 отбасы апатты үйде тұрады
Маңғыстау ауданындағы Сайөтес ауылында 130 ға жуық отбасы қабырғасы қақырап, төбесі опырылып жатқан қауіпті баспаналарда тұруға мәжбүр. Өйткені, қарапайым тұрғындардың жөндеу жұмыстарын жүргізуге күші жетпейді. Ал, жергілікті әкімдік үйлердің құжаты жоқтығын алға тартып, мәселені кейінге шегеріп келген.