Жаңаөзенде қайтарымсыз грант алуға 240 азамат өтініш берген. Қаражат өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға мүмкіндік береді. Грант сомасы 400 АЕК-ті құрайды. Оны әр қатысушы тек бір рет ала алады.