Ақтауда 22 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Олар 4 айдың ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың құнын көтеріп, қымбатшылықты қолдан жасаған. Тағы 20 дүкеннің иесі ескерту алса, екеуі 250 мың теңгеден астам айыппұл төледі.