Негізгі Жаңалықтар Кендірлі әуежайы жыл соңында іске қосылады

Кендірлі әуежайы жыл соңында іске қосылады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстау облысына іс сапармен келді. Ол алдымен Кендірлі әуежайының құрылыс жұмыстарымен танысты. Әуежай құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған. Нысанның жалпы аумағы 600 гектарды құрайды. Қазіргі таңда ұшақтардың ұшу және қону жолағының соңғы бөлігіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандағы құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталып келеді.


Бөлісу