Тоғызқұмалақ шеберлері бас қосты
Ақтауда тоғызқұмалақтан 11-ші командалық Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық ойыннан бақ сынауға еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылар жиналған. Ерлер мен әйелдер блиц және классикалық бағыттарда өзара мықтыны анықтауда. Чемпионатта топ жарған командалар қыркүйек айының соңында Еуропада өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.