Бекіре өндірісінің жаңа кезеңі
Бекіре тұқымдас балықтарды өсіру - ұзақ мерзімді еңбекті, тұрақты бақылауды және қолайлы жағдайды талап ететін бағыт. Ақшұқырдағы кәсіпорында өндіріс жолға қойылғаннан кейін мамандар технологиялық үдерістерді жетілдіруге басымдық беріп келеді.