Жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы
Нұрлыбек Нәлібаев Жаңаөзен қаласында салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысымен де танысты. Әлемдік стандарттарға сай, заманауи технологиялармен жабдықталатын өндіріс орнының құрылысы 2026 жылдың наурыз айында басталған. Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.