1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға араналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Жауаптылар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы арқылы  технологияларды пайдалану және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға болатынын айтады. Бүгінде Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматта көрсетіліп келеді.  АХАТ функциясы органдары тууды, қайтыс болған, неке қию немесе некені бұзу туралы хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою, толықтыру  сынды қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда азаматтық хал актілерінің қызметтерін тіркеу және  куәліктер мен анықтамаларды алу жұмысы  жалғасуда.