Ақтау қаласы полиция басқармасы «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Нәтижесінде 8 миллион теңге өндірілді. Әкімшілік полицейлердің айтуынша, бүгінде азаматтар айыппұлдарын Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде немесе екінші деңгейлі банктерден төлей алады. Шара аясында 355 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы құжаттар мәжбүрлі түрде өндіруге жеке сот орындаушыларға жолданды.