Облыс әкімі «Ұлы дала жорығы» республикалық марафонына қатысқан «Көкмойнақ» командасының мүшелері және команда бапкері Бекболат Талғатұлы, сондай-ақ белгілі велошабандоз Раббим Борашовпен кездесті. Ол жарыс бойы шабандоздармен бірге болып, қолдау көрсеткені үшін «Үздік жанкүйер» атанды. Нұрлан Ноғаев «Ұлы дала жорығы» марафонының маңыздылығына тоқталып, бұл жоба ұлттық рухты нығайтып, қазақ дәстүрлерін жаңғыртатынын айтты.