Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Albayrak Holding түрік компаниясының басқарушы кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Ақтау қаласындағы Түрік Республикасының Бас консулы С.Әлптекинмен кездесті. Тараптар теңіз қызметтері, өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге арналған бірнеше жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді. Albayrak Holding-80-ге жуық компаниялар мен брендтерден тұратын Түркияның ірі холдингі және жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп, логистика, БАҚ және туризм сияқты 20-дан астам секторда қызмет көрсетеді. Компания осы уақытқа дейін теміржол вокзалдары, метро, ауруханалар, фабрикалар, сауда орталықтары және тұрғын үйлер салу сияқты көптеген маңызды жобаларды жүзеге асырған.