Мектеп әжетханасына сұйық сабын мен дәретхана қағазы комиссия келген кезде ғана қойылған. Ақтаудағы  № 3 мектептің 11-сынып оқушысы осылай деп әлеуметтік желіге видео жүктеген еді. Ал, оқу ордасы басшысының міндетін атқарушысы болса, бұл жағдайды жоққа шығарды. Оның сөзінше, білім алушы бұл бейнежазбаны әзілдеу мақсатында түсірген. Айта кетейік, аталған жалпы білім беретін мектепте 890-қа жуық бала оқиды.