Алимент өндіру, сот бұйырығының орындалысы. Бұл маңғыстаулықтарды алаңдататын басты мәселелер. Облыстық әділет департаменті мамандары тұрғындарға тегін кеңес берді. Департамент мамандары, кәсіби заңгерлер мен адвокаттар 10-нан астам тұрғынды жеке қабылдап, мәселесінің шешу жолын көрсетті. Кеңес алуға келдердің дені –алимент өндіру бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу, атқарушылық іс жүргізу бойынша сұрақтар қойды. Құзырлы орган өкілдері осылайша тұрғындардың заң саласындағы сауаттылығын арттыруды көздеп отыр.