Ақтауда кәсіпкерлерге арналған бірыңғай есеп күні өткізілді. Шара кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдардың бизнес қоғамдастықпен кері байланысын қалыптастыруға бағытталған. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Пікір Сансызбаев мемлекет басшысының жарлығымен 2024 жылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілеріне барумен тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторийдің жойылғанын еске салды. Құзыретті мекемелердің басшылығы жиналғандарды атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. Облыс әкімінің орынбасары бизнес-қоғамдастықты қолдау мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.