Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлері спорттық сайыста сынға түсті. Батыс өңірлерінен келген 50-ден астам қатысушы бірнеше ойын түрінен өз қабілетін көрсетті. Спартакиада Тәуелсіздік және Сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай ұйымдастырылды.