Маңғыстау ауылындағы 40-шы үй апатты деп танылғалы тұрғындардан маза қашты. 50 жыл жөндеу көрмеген бұл үйдегі баспаналардың бүгінде әбден тозығы жеткен. Сырт келбетінің де сиқы қашқан. Жөндеу көрмеген қабырғалары сұрқай, сұрықсыз көрінеді.