Әлеуметтік желі арқылы көпке танылып жүрген көлік жөндеудің шебері бар. Ол Жаңаөзендік  25 жастағы Серік Асанов. Техникаға үйір жігіт  13 жасынан көлік жөндеп бастаған. Негізгі мамандығы электрик. Бүгінде шебер кез келген көлікті «жіліктеп», қайта құрап бере алады.