Ақтауда белгілі ақын-сазгер, журналист Талғат Атшыбаевты еске алуға арналған "Айтылмаған ән" атты кеш өтті. Шараға марқұмның жұбайы, ұрпақтары, замандастары мен мәдениет майталмандары қатысып, естеліктерімен бөлісті. Айта кетейік, Талғат Атшыбаев тірі болғанда биыл 64 жасқа толар еді.