Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерлерінің жауынгерлік даярлығы өтіп жатыр. «Оймаша» полигонында сарбаздардың әзірлігі пысықталып, оған 50-ден аса теңіз взвод, барлау тобы мен артиллерия дивизионының бөлімшелері қатысты.