Бүгін қалалық кітапханада "Маңғаз өлкенің дара тұлғалары" атты кездесу кеші өтті. Шара өлкеге белгілі ақын-жазушы Әзірбайжан Қонарбаевтың 80 жас мерейтойына арналады. Жиынға жазушының туыстары, үзеңгілестері мен Түрік елінен меймандар келді. Кездесуде ақынның өлең-жырлары оқылып, шығармашылық жолы туралы сұхбат болды