Ақтауда "Сөз бен саз" бағдарламасының 102-ші концерті өтті. Көптің көңілінен шыққан телевизиялық жобаның бүгінгі саны айтыскер ақын, композитор Қыдырбай Тұрмағанбетұлының шығармашылығына арналды. Қаламгердің замандастары, жақындары мен жергілікті өнерпаздар бас қосқан шарада өнер иесінің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы насихатталды.