Тасқын судан зардап шеккен қазақтандықтарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Республикалық штабтың отырысын өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Ол азаматтарды алаңдамауға шақырды. Мемлекет пен бизнес бірігіп, барлық шығынды өтейді. Бастысы адам шығынына жол бермеуіміз керек, - деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ апат болған аймақтарда әлеуметтік маңызды қызметтер мен азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.